Тәтті бəліштер. Майқоспа қамыр (Сдобное дрожжевое тесто). ✔ Қамырына: 🔹 ұн 500-600г 🔹 қант 80 г 🔹 сары май 80г 🔹жұмыртқа 1 дана 🔹 дрожж 10г 🔹 тұз 1шым-шым 🔹сүт 250мл 🔹 ванильді қант 1шəй қасық 🌾 🌾 🌾 🌾 🌾 🌾 🌾 🌾 🌾 ✔ қамырын илеу: кесеге 1шəй қасық қант +4-5ас қасық жылы су + дрожж салып араластырып 5мин көпсігенше күтіңіз. (☝дрожжды бірден салып қамыр илей берсе де болады. Мен осылай алдымен көпіртіп барып илеймін.) Ыдысқа жылы сүт, жұмыртқа, тұз, қант, бөлме температурасындағы (жұмсақ)сары май, ванилин, жəне көпсіген дрожжды салып араластырып , ұнды салып жұмсақ қамыр илейміз. Қамырды жылы орап ашығанша (көтерілгенше) күтіңіз. Ашыған қамырды қайтарып илеп ,қайта көтерілгенше күтіңіз. Енді қамырды кішкентай бөліктерге бөліп, қалаған формаңызға келтіріп бетін пленкамен жауып, 15-20 мин қоя тұрыңыз. Көтерілген бəліштерге жұмыртқаның сарысын жағып, 200°C қызып тұрған духовкада қызарғанша пісіресіз. (15-20мин духовкаға байланысты ) ☝арасына қалаған салмаңызды салсаңыз болады : алма, сгущенка, джем, сүзбе т.с.с . Менде құлпынай мен сүзбе.

Теги:

Теги других блогов: